paroles de chanson / BBRS parole / Qarasha lyrics  | ENin English

Paroles de Qarasha

Interprète BBRS

Paroles de la chanson Qarasha par BBRS lyrics officiel

Qarasha est une chanson en langue indéterminée

Ұмыттыратын өткен күндерді
Көптен бір белгі байқадым:
Еске салатын көктем гүлдерді
Жан еді мінсіз. Айтарым:
Нәп-нәзік өзі, әдемі, неткен,
Әлемі көркем тым әлсіз
Іңкәр сезімнің дәнегін еккен
Жаныма менің құнарсыз.
Жан жүрегімді құнарсызданған,
бір арсыздардан тазалап,
Дүниеме де (ұнаусыз қалған)
Шырай еңгізді. Ғажап-ақ!
Жүр еді жаным жаурап үнемі
Баурады мені, жандырды,
Кеудемде жалын лаулады кері,
Қайтадан сүйдім тағдырды.
Болашақ одан көрем теңімді,
Өлеңдерімді көп оқыр.
"Жаным-ау сендік көмем де мұңды
бақытты етем" деп отыр.
Өзіндей маған үміттің атын
кім ұқтыратын тосылмай?
Өткен күндерді ұмыттыратын
Бақытым менің осындай...

Бар қаланы қызыл, сары, алтындай,
Сұрғылт тұман бояп өтті сұп-сұр ғып.
Бұлт та жерге жақындады сәл тынбай,
Көтергендей құдды ауыр жүк сұмдық.
Бар қаланы қызыл, сары, алтындай,
Сұрғылт тұман бояп өтті сұп-сұр ғып.
Бұлт та жерге жақындады сәл тынбай,
Көтергендей құдды ауыр жүк сұмдық.

Қалың қоғам шағылысты шалшықтан,
Қап-қара күз жандарына батулы.
Адамдар да үйлерінен әр шыққан,
Қабақтары бір ерекше қатулы.
Жаңбыр жуып қарашаны шатырдан,
Әлсін-әлсін қар боратты қыс қалың.
Аспан кейде жарқ етті де, бақырған
Қорқытам деп ұстанғандай ұстаным.
Күз, қараша...
Лириканың мезгілі,
Жапырақ боп жылап жатыр сәби бақ.
Көшелерді қатал желдің кезді үні
Менің музам,
Музам - күзгі табиғат!
Тек қараша - қою күнгірт кештерді
Кіргізеді терезеден жиі үйге,
Ол әрине білдірмейді еш белгі,
Бірақ күзді себепші ғой сүюге...

Бар қаланы қызыл, сары, алтындай,
Сұрғылт тұман бояп өтті сұп-сұр ғып.
Бұлт та жерге жақындады сәл тынбай,
Көтергендей құдды ауыр жүк сұмдық.
Бар қаланы қызыл, сары, алтындай,
Сұрғылт тұман бояп өтті сұп-сұр ғып.
Бұлт та жерге жақындады сәл тынбай,
Көтергендей құдды ауыр жүк сұмдық.
Droits parole : paroles officielles sous licence Lyricfind respectant le droit d'auteur.
Reproduction des paroles interdite sans autorisation.

Commentaires sur les paroles de Qarasha

Nom/Pseudo
Commentaire
Copyright © 2004-2024 NET VADOR - Tous droits réservés. www.paroles-musique.com
Connexion membre

Se connecter ou créer un compte...

Mot de passe oublié ?
OU
CREER COMPTE
Sélectionnez dans l'ordre suivant :
1| symbole en bas du nuage
2| symbole en haut du coeur
3| symbole en bas de la poubelle
grid grid grid
grid grid grid
grid grid grid